Ауылдық округ туралы ақпарат

Бастөбе ауылыдқ округі Қаратал ауданының солтүстік-шығысында аудан орталығы Үштөбе қаласынан 2 шақырым ара қашықтықта   орналасқан, ауылдық  округ аумағы 43 465 га жер көлемін құрайды.
Бастөбе ауылдық округ құрамына  алты елді мекен кіреді:  Бастөбе ауылы,  Ортатөбе ауылы,  Кішітөбе ауылы,  Жылыбұлақ ауылы, Күрішдаласы және  № 47 разъезд. Округ бойынша тұрғындар саны  5715 адам. Бастөбе ауылында – 3256 адам, 888 аула шаруашылығы бар. Ортатөбе ауылында – 1180 адам, 280 аула шаруашылығы бар, Кішітөбе ауылында – 358 адам, 84 аула шаруашылығы бар, Жылыбұлақ ауылында – 806 адам, 142 аула шаруашылығы бар, Күрішдаласы  разъездінде – 76 адам,   24 аула шаруашылығы бар, № 47  разъездінде – 39 адам, 7 аула шаруашылығы бар.
Бүгінгі күнге ауылдық округ аумағында 14 ЖШС,  184 шаруа қожалығы,  198 жеке кәсіпкерлер , 40 басқалары бар.
Ауылдық округ аумағындағы:  Бастөбе ауылында № 16 КЛ және М Горький  атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен, екі мәдениет үйі, дүкендер, мейрамхана мен АЗС-тар бар.  Ортатөбе мен Жылыбұлақ ауылдарында орта мектептер, дүкендер және Кішітөбе ауылында орталау мектеппен дүкен бар.

Яндекс.Метрика