Әкім аппараты

ММ «Қаратал ауданының Бастөбе ауылдық округі әкімінің аппараты»

 

«Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Бастөбе ауылы,  С. Юн көшесі, № 26.
Байланыс телефоны: 4-01-30.
Бастөбе ауылдық округі әкімі – Ким Эдуард Афанасьевич.
Ленин селолық советі 1961 жылы құрылды, оның құрамына Ленинский путь, Октябрь и Новая жизнь ауылдары кірген. Селолық  совет аумағында «Правда» газеті атындағы кеңшар орналасқан. Негізгі бағыттарының бірі егіншілік, содан кейін мал шаруашылығы да қарқынды дамыды.
1991 жылға дейін селолық совет аумағында механикалық-жөндеу заводы орналасқан, екі мәдениет үйі және екі бала бақша болды. Ауылдарды оңтайлындыру  және нарықтық экономика кезеңдерінде механикалық-жөндеу заводы 9 ЖШС-ге бөлінді.
2001 жылдың қаңтар айынан  Ленин селолық советі,  Бастөбе ауылыдық округі болып атауын өзгертті.
Бастөбе ауылыдқ округі Қаратал ауданының солтүстік-шығысында аудан орталығы Үштөбе қаласынан 2 шақырым ара қашықтықта   орналасқан, ауылдық  округ аумағы 43 465 га жер көлемін құрайды.
Бастөбе ауылдық округ құрамына  алты елді мекен кіреді:  Бастөбе ауылы,  Ортатөбе ауылы,  Кішітөбе ауылы,  Жылыбұлақ ауылы, Күрішдаласы және  № 47 разъезд. Округ бойынша тұрғындар саны  5118 адам. Бастөбе ауылында – 2970 адам, 860 аула шаруашылығы бар. Ортатөбе ауылында – 1106 адам, 276 аула шаруашылығы бар, Кішітөбе ауылында – 276 адам, 62 аула шаруашылығы бар, Жылыбұлақ ауылында – 667 адам, 133 аула шаруашылығы бар, Күрішдаласы  разъездінде – 54 адам,   16 аула шаруашылығы бар, № 47  разъездінде – 26 адам, 9 аула шаруашылығы бар.
Бүгінгі күнге ауылдық округ аумағында 18 ЖШС, 191 шаруа қожалығы, 32 жеке кәсіпкерлер, 10 басқалары бар.
Ауылдық округ аумағындағы:  Бастөбе ауылында № 16 КЛ және М Горький  атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен, екі мәдениет үйі, дүкендер, мейрамхана мен АЗС-тар бар.  Ортатөбе мен Жылыбұлақ ауылдарында орта мектептер, дүкендер және Кішітөбе ауылында орталау мектеппен дүкен бар.

 

 

 

Яндекс.Метрика